Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
17.04.2025

17 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЕМОФИЛИЯ КҮНІ

Жыл сайын 17 сәуірде Дүниежүзілік гемофилия күні атап өтіледі. Гемофилия – қанның ұюы бұзылған сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Аталған диагнозы бар адамдар үшін ұю факторларының дәрі-дәрмектерін уақтылы және жүйелі түрде алуы өте маңызды.

Әлемде бұл ауруға әр 10 000 адамға шаққанда шамамен бір адам шалдығады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 2024 жылдың соңында елде осы диагнозы бар 1 599 пациент тіркелген, оның ішінде 678-і – балалар.

СҚ-Фармация Бірыңғай дистрибьютор ретінде, 2024 жылы гемофилияны емдеуге арналған дәрілік қажеттілікті толығымен қамтамасыз етті. 2025 жылдан бастап компания жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыру және емдеудің одан да жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық өндірушілермен жұмысын кеңейтуде.

2025 жылға Бірыңғай дистрибьютор тізбесіне гемофилияға арналған дәрілік заттардың бір атауы кіреді. Осылайша, биылғы жылы бүгінгі күні амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде республиканың медициналық ұйымдарына 589,29 млн. теңге сомасына 7 958 000 бірлік жеткізілді. Жасалған шарттарға сәйкес стационарлық көмек көрсету үшін 1,22 млн. теңге сомасына 16 500 бірлік жөнелтілді.

Компания дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін бірлесіп шешу және гемофилиямен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін пациенттік ұйымдармен және кәсіби қауымдастықтармен белсенді жұмыс жасауда.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
08 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
07 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
07 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"