Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
13.01.2025

2024 ЖЫЛЫ БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДЫҢ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 52 116 ҚОҢЫРАУ ПЫСЫҚТАДЫ

«СҚ-Фармация» ЖШС Байланыс орталығы пациенттермен жедел өзара іс-әрекетті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Орталық қызметкерлері қоңырау шалған пациенттерді жедел ақпаратпен қамтиды, бұл өз кезегінде олардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Әрбір сұраққа нақты уақыт режимінде сенімді ақпарат беріледі. 100% жағдайда халық бір қоңырау аясында жауап алады, кез-келген қоңырау назардан тыс қалмайды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша ақпарат «нақты уақыт» режимінде 1439 қысқа тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы ұсынылады және барынша сенімді болып табылады.

2024 жылы байланыс орталығы барлығы 52 116 қоңырауды өңдеді, оның 47 986-сы кіріс және 4 130-ы шығыс болды. Барлық өтініштер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерге, Бірыңғай дистрибьютордың қызметі бойынша кеңестерге, сондай-ақ шағымдар мен ұсыныстарға қатысты болды.

Сонымен қатар 15 850 бірегей пациентке арналған 52 116 клиент картасы жасалды. Өтініш бергендердің 78%-ы – қалалар тұрғындары, 22%-ы – ауылдық жерлердің тұрғындары. Өтініштердің негізгі бөлігі Астанадан – 20,5% және Алматыдан – 18% түсті.

2024 жылдың екінші жартыжылдығында өтініштердің жалпы саны 32,5%-ға қысқарып, 22 577-ні құрағанына ерекше назар аударғымыз келеді. Бұл төменде көрсетілген мәселелердің азаюына байланысты:

  • Дәрі-дәрмектер тасымалының кешігуі (50,3%-ға төмендеуі);
  • Дәрі-дәрмектердің кем тиелгені (45,2%-ға төмендеуі).

Бұл көрсеткіштердің төмендеуі логистика мен жеткізілім мониторингін жақсартудың, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жедел жауап берудің арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар, өтініштердің жиі кездесетін себептеріне ерекше назар аудару қажет. Барлық өтініштердің 67,9%-ы алты нозологиямен байланысты (қант диабеті, артериялық гипертензия, эпилепсия, жүректің ишемиялық ауруы, ревматоидты артрит, онкологиялық аурулар). Бұл созылмалы сырқаттармен ауыратын науқастар үшін байланыс орталығы жұмысының маңыздылығын көрсетеді.

«СҚ-Фармация» байланыс орталығы – халық пен Бірыңғай дистрибьюторлық жүйе арасындағы өзара іс-қимыл тізбегіндегі маңызды буын. Оның жұмысының арқасында пациенттер:

  • Дәрі-дәрмектерді жеткізудің бар-жоғы мен мерзімі туралы өзекті ақпарат алу;
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі туралы сұрақтар қою;
  • Өз өтініштері бойынша жедел кеңес алу.

Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі респонденттердің бағалауымен расталады. 2024 жылы 12 125 клиент операторлардың жұмысын 5-тен 4,85-ке бағалады. Орталық қызметкерлері халықаралық деңгейдегі стандарттарды пайдалана отырып, ұсынылатын ақпараттың сапасын күн сайын бақылайды. Әр сөйлесудің соңында операторларға қызмет көрсету сапасын бағалауға болады.

Біз әрқашан сұрақтарға жауап беруге және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще