Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
02.11.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚҚ АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Орфандық сырқаттары бар балаларға дәрі-дәрмектерді жеткізуге байланысты пайда болған қоғамдық резонансқа байланысты СҚ-Фармация пациенттердің уайымдарын терең түсініп, осы мәселені шешу жөнінде шаралар қабылдауда.

Осыған орай, СҚ-Фармация тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу, сақтау және тасымалдау жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор болып табылатынын хабарлаймыз.

Осылайша, қызметті реттейтін заңнамада және компания Жарғысында қайырымдылық ұйымдары үшін дәрі-дәрмектерді сақтау және тасымалдау қарастырылмаған.

Алайда, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, СҚ-Фармация «Қазақстан халқына» ҚҚ есебінен сатып алынатын дәрілік заттар бойынша қызмет көрсету аясында Меморандумға қатысушы болды.

Бұл ретте, Меморандум шеңберінде СҚ-Фармация дәрілік заттарды сақтауды жәнееліміздің барлық өңірлерінетасымалдауды өтеусіз негізде, өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Бүгінде Меморандум шеңберінде СҚ-Фармация тарапынан толық көлемде орындалған 4 шарт жасалды.

Шарттардың тағы 3 жобасы «Қазақстан халқына» ҚҚ-мен келісу процесінде.

2022 жылғы 11 қазанда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің №273/НҚ бұйрығымен СҚ-Фармация арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енгізілді.

Яғни, көрсетілген бұйрыққа сәйкес арнайы құқық субъектілеріне ҚР заңнамасында көзделмеген өзге де қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

Өз кезегінде, СҚ-Фармация бәсекелестік ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мақсатында «Қазақстан халқына» ҚҚ-ға Меморандумды бұзу туралы хабарлама жіберді.

Меморандум шеңберінде жасалатын шарттардың әлеуметтік маңызы бар екенін және пациенттердің өмірі осы шарттардың орындалуына байланысты екенін ескере отырып, СҚ-Фармация ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен «Қазақстан халқына» ҚҚ-мен барлық бірлескен жобаларды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау мәселесін пысықтауда.

Осылайша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қалған 3 жоба толық көлемде орындалатын болады. СҚ-Фармация Меморандум шеңберінде сатып алынған дәрілік заттарды сақтауды және елдің барлық өңірлеріне дейін тасымалдауды жүзеге асырады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
Посмотреть еще
08 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
07 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
07 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"