Байланыс орталығы 1439
  • ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРҒА ҚАЖЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕСІН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАДЫ
Жаңалықтар
07.02.2025

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРҒА ҚАЖЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕСІН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі.

Құжат ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемін жаңартуды көздейді.

Негізгі өзгеріс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастырудың дербестендірілген әдістемесін енгізу болып табылады.

Бұйрық жобасына сәйкес, деректерді жинау дербестендірілген түрде – нозологияларды, дәрілік заттардың әрбір дәрілік нысаны бойынша атауларды, дозаларды, көлемдерді, сондай-ақ медициналық бұйымдардың сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырылатын болады. Есептеулер пациентке жылдық қажеттілік туралы деректерге, ай сайынғы бөлумен өткен жылы нақты жазылған және қамтамасыз етілген көлемдерге негізделетін болады.

Жаңа әдістеме қорларды басқарудың ашықтығын арттыруға, қажеттілікті болжауға, шығындарды оңтайландыруға және процестерді цифрландыру есебінен – қажеттілікті қалыптастырудан бастап пациенттерге дәрі-дәрмектерді беруге дейін бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, жария талқылау осы жылдың 17 ақпанына дейін өтеді.

Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15422834

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще