Компанияның жаңа басшылығы қабылдаған ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша алғашқы қадамдардың бірі – «СҚ-Фармация» ЖШС-і жанынан Қоғамдық жұмыс тобын құру. Осыған байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС-да жұмыс тобы құрылды, оның құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар кірді. Дәрілік қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Қоғамдық жұмыс тобы құрылды.
Қоғамдық жұмыс тобы азаматтық қоғамның пікірін, сындарлы сынын, өткір мәселелерді көтеріп, компанияның жұмысын жолға қою және адамдардың сенімін қайтару үшін әрі қарай қалай жүру керектігі туралы ұсыныстар енгізеді. Жұмыс тобының құрамына ашық және сындарлы диалогқа дайын, қиын мәселелерді көтере алатындар, оларды шешу және іске асыру жолдарын бірге іздей алатын қоғам қайраткерлері шақырылды.
Қоғамдық жұмыс тобына барлығы 12 адам кірді. Жұмысқа қатысуға көптеген беделді адамдар келісті. Жұмыс тобының құрамына қоғам қайраткерлері, саланың беделді сарапшылары, пациенттік ұйымдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері кірді.
Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері жұмыс тобы ретінде «СҚ-Фармация» ЖШС-і жанындағы кеңесші органның құқықтық мәртебесін қабылдау туралы шешім қабылдады.
Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері «СҚ-Фармация» ЖШС-і қызметіндегі проблемалық мәселелер – дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жетілдіру, жоспарлау, логистика, отандық өндіріс, Ақпараттық технологиялар, таңбалауды енгізу, BigPharma бағдарламасын дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультациялар өткізеді.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс тобының мүшелері қоймаларға мониторинг жүргізе алады, ауруханалар мен дәріханалардың қажеттіліктерін болжай алады, ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жөнелту уақытын өлшей алады, сондай-ақ сатып алу рәсімдері мен жеткізушілермен келіссөздерге бақылаушы ретінде қатыса алады.
Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері құрамына кірмеген сарапшылар мен жұртшылық өкілдерін келесі отырыстарға қатысуға шақыру туралы шешім қабылдады.
Қоғамдық жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін ұсыныстар мен өтініштер
№ |
Т.А.Ә. |
Лауазымы, жұмыс орны |
1 |
Султанов Руслан Серикович |
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқармасының төрағасы |
2 |
Исингарина Жанна Сериковна |
«Қазақстанның салалық медиа қауымдастығы» ЗТБ төрағасы |
3 |
Даирбаева Лейла Оралгазыевна |
«QAZTEH» қазақстандық телемедицина және электрондық денсаулық сақтау қауымдастығы» ЗТБ президенті |
4 |
Ишбаева Лейла Азатбековна |
«QAZTEH» қазақстандық телемедицина және электрондық денсаулық сақтау қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті, «IMMG INTERNATIONAL MEDICAL MANAGEMENT GROUP» ЖШС құрылтайшысы, MBA Public Health |
5 |
Каирленов Марат Амангельдинович |
«Ulagat Consulting Group» консалтингтік компаниясының директоры |
6 |
Ошакбаев Рахим Сакенович |
Бас экономист, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі |
7 |
Дурманова Марина Ивановна |
«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ президенті |