Бүгін, 29 сәуірде Дүниежүзілік иммунология күні атап өтіледі. Иммунология ғылым ретінде суық тиюден бастап қатерлі ісік пен аутоиммундық жағдайларға дейін көптеген аурулардың алдын алу мен емдеуде маңызды рөл атқарады. Пандемияны, климаттың өзгеруін және созылмалы аурулардың өсуін қоса алғанда, заманауи қиындықтар денсаулық сақтау жүйелерінен халықтың иммундық қорғанысын нығайту үшін үйлестірілген күш-жігерді талап етеді.
Өз миссиясы шеңберінде «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша дәрі-дәрмектерді уақтылы сатып алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жағдайларда осындай құралдарды сақтау және тасымалдау үшін инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі.
Аутоиммунды ауруларды емдеу және алдын алу үшін Бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне амбулаториялық қамтамасыз ету тізбесінің деректері бойынша (дәрілік формалар мен дозаларды ескере отырып) дәрілік заттардың 11 атауы енгізілген. Бүгінгі таңда 3 атау бойынша Қазақстан өңірлерінің медициналық ұйымдарынан қажеттілік ұсынылмаған. Осылайша, дәрі-дәрмектің 8 атауы сатып алуға жатады. Оның ішінде 7 атау бойынша сатып алу жүзеге асырылды, дәрілік заттың бір атауы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу процесінде.
«СҚ-Фармация» ЖШС өз миссиясы шеңберінде халықты өмірлік маңызды иммунобиологиялық дәрілік заттарды қоса алғанда, қажетті дәрі-дәрмектермен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Аутоиммунды және иммун тапшылығы бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.