Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
07.04.2025

7 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

Жыл сайын 7 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Бұл күн – денсаулық адамның басты құндылықтарының бірі, бақытты және толыққанды өмірдің негізі екенін еске салатын маңызды дата. Осы мереке аясында «СҚ-Фармация» ЖШС денсаулық сақтау жүйесін дамыту маңыздылығын атап өтіп, елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өз үлесін ерекше көрсетеді.

«СҚ-Фармация» – Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы ретінде халықты қолжетімді әрі сенімді дәрімен қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салып келеді.

Өткен жылы біз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, сақтау және тарату үдерістерін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргіздік. Заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің арқасында жеткізу тізбегінің ашықтығы мен логистикалық үдерістердің жеделдігі артты.

Дүниежүзілік денсаулық күні – бұл өмір мен денсаулықтың құндылығын еске салатын күн ғана емес, сонымен қатар медициналық жүйені нығайту жолында жұмсаған ортақ күш-жігерімізді бағалау мүмкіндігі. Біз өз жұмысымыздың тиімділігін арттыруды жалғастырамыз, сонда еліміздің әрбір азаматы, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы дәрі-дәрмекті уақытында ала алады.

Осы күні біз баршаңызды өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына қамқор болуға, физикалық және психикалық саулыққа көңіл бөлуге, уақытылы медициналық тексерулерден өтіп, салауатты өмір салтын таңдауға шақырамыз.

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще