Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
30.01.2025

ARAB HEALTH - 2025: СҚ-ФАРМАЦИЯ ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ

СҚ-Фармация делегациясы Arab Health 2025 медицина және фармацевтика бойынша ірі халықаралық көрме-конгресіне қатысуда.

Көрме Дубайда 27-30 қаңтар аралығында өтеді. Arab Health 2025 негізгі тақырыптарының бірі - жасанды интеллектті пайдалану және денсаулық сақтауды цифрландыру. Барлық дерлік ірі өндірушілер осы салада өз дамуын көрсетуде. Экспоненттер ретінде медициналық техниканың, жабдықтың және дәрілік заттардың жетекші өндірушілері ұсынылған.

Бірыңғай дистрибьютор үшін мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы жаңа өнімдер мен технологиялармен танысуға, сондай-ақ өндірушілер мен жеткізушілер арасында сындарлы байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Көрме аясында СҚ-Фармация өкілдері General Electric Healthcare, Hitachi, KARL STORZ, FUJIFILM Healthcare Corporation, United Imaging Healthcare және басқа да әлемдік компаниялармен кездесулер өткізді. Келіссөздерде Бірыңғай дистрибьютор өз қызметін айтып беріп, ұсынылатын қызметтермен және өнімдермен танысты.

"СҚ-Фармация алдында медициналық техниканы өндірушілерден тікелей сатып алу міндеті қойылды, бұл бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз отандық денсаулық сақтау жүйесін озық технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін әлемнің жетекші өндірушілерімен ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз", — деп атап өтті СҚ-Фармация Басқарушы директоры Руслан Нұрмұханов.

Сондай-ақ, логистикалық қызмет көрсететін халықаралық кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер барысында СҚ-Фармацияның МЖӘ-жобалары шеңберінде логистикалық инфрақұрылым құру, хабтар салу және медициналық тауарлардың қолжетімділігін арттыру үшін жеткізу тізбегін оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Arab Health – MENA аймағындағы денсаулық сақтау және медицина саласындағы мамандардың ең ірі көрмесі. Бұл компанияларға өз өнімдерін әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан және тиімді денсаулық сақтау нарықтарының бірінде көрсетуге мүмкіндік береді. Көрмеге 150-ден астам елден 4200-ге жуық экспонент-компаниялар мен 103000 қатысушы қатысуда.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще