Байланыс орталығы 1439
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ: НӘТИЖЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР
Жаңалықтар
21.01.2025

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ: НӘТИЖЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Біріңғай дистрибьютор базасында медициналық техникаларды орталықтандырып сатып алу негізінде Медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасы құрылды.

Медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының негізгі міндеті – ол медициналық техникаларды орталықтандырап сатып алуды жүзеге асыру болып табылады.

Басқарма өз құзыреті шеңберінде өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ұйымдардан келіп түскен өтінімдерді қабылдап, қарастырады.

Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді және үшжақты жеткізу шарттары аясында сатып алу рәсімдерін жүргізіп, кейіннен жеткізуді бақылауды жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, Басқарма Бірыңғай дистрибьютордың отандық тауар өндірушілермен, шетелдік ұйымдармен және медициналық техника өндірушілерімен жұмыс жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

СҚ-Фармация базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Соңғы 3 жылда 56 тендер өткізілді, оның нәтижесінде 135 млрд теңгеден астам сомаға мыңнан астам медициналық техника бірлігі сатып алынды. Аукцион нәтижесінде бюджет қаражатын үнемдеу 10 млрд теңгеден асты, оның ішінде келіссөздер арқылы 214 млн теңгеге жуық қаражат үнемделді.

2024 жылдың қорытындысын ерекше атап өтсек, Басқарма Республикалық бюджеттен бөлінген 52 млрд теңгеден астам сомаға, 396 медициналық техника бірлігін сатып алуды сүйемелдеді. Бұл ретте үнемдеу 3,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде келіссөздер арқылы 73 млн теңгеге жуық қаражат үнемделді.

Алдағы уақытта басқарманың алдында сатып алу рәсімдерін жетілдіру және медициналық техниканың бүкіл өмірлік циклының ашықтығын қамтамасыз ету міндеттері тұр.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ: НӘТИЖЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР
Подробнее
Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
17 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
14 апреля 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"