Құрметті серіктестер!
«СҚ-Фармация» ЖШС Сізді Алматы қаласында өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Іс-шараның тақырыбы: «Бірыңғай дистрибьютордың қойма инфрақұрылымын құру».
Аталған жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен бекітілген 2024-2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылады.
Іс-шара барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде (оның ішінде offtake-келісімшарттары мен өзге де өзара әрекеттесудің тетіктері арқылы) жеке инвесторлармен ынтымақтастықтың келешегі талқыланады. Бұл талқылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы логистикалық жүйесін дамытуға бағытталған жобаны іске асырудың ең тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 11 сәуір, басталуы сағат 11:00
Өтетін орны: Алматы қ.
Қатысуыңызды растау және қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: +7 702 357 3577 (Олжас).
Стратегиялық маңызды жобаны іске асыруға қатысушылар мен серіктестер қатарынан Сізді көруге қуаныштымыз!